Четверг, Март 21, 2019
Главная > Новости > Мнение недели

Мнение недели

Қазақ елі тәуелсіздігін алғаннан бері қуатты мемлекет ретінде қалыптасып, әлемнің алдыңғы қатарлы еліне айналу жолында талай белестерді бағындырды. Тамыры тереңде жатқан төл тарихымыздың жаңа беттері ашылды. Еліміз егемендігіне қол жеткізген ширек ғасырлық қысқа уақыт ішінде экономикалық және әлеуметтік маңызы зор жобаларды қолға алып, әлемдік деңгейдегі іс-шаралардың өтуіне ұйытқы бола білді. Сондай дүниежүзілік ірі шаралардың бірі – «ЭКСПО – 2017».

ЭКСПО – бүкіләлемдік, бір жарым ғасырлық тарихы бар көрме. «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрме – әлем алдында мемлекетіміздің мәртебесін асқақтатып, мүмкіндіктерін  паш ететін  маңызы зор жоба. ЭКСПО-2017 көрмесі шын мәнінде Қазақстанның жалпы­ұлттық жобасына, елдің брендіне, әсем Астанамыздың бойтұмарына айналды. 

2017 жылдың 10 шілдесінен бастап 10 қыркүйегіне дейін Қазақстанның елордасы Астана қаласында Халықаралық көрмелер бюросымен ұйымдастырылған халықаралық көрме өткенін білеміз.

Астанадағы бү­кіл ел назарын өзіне ау­да­рып отырған шара туралы университет профессор-оқытушылары мен қызметкерлері, студенттері ой бөліскен еді.

Гүлшат Бахтиярова, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент

«ЭКСПО 2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесінің Қазақстанда, Астана қаласында ұйымдастырылып, өткізілуінің ел экономикасы мен оның келешектегі саяси-мәдени дамуы үшін маңыздылығы өте зор деп білеміз. Оған көрмеде болып, бірқатар елдердің тарапынан халық назарына ұсынылған ғылым мен техника жетістіктерін, ауылшаруашылығымен өзге де түрлі өндіріс, мәдениет салаларындағы жаңалықтар мен жетістіктердің нақты нәтижелерін көріп, тамашалау арқылы көз жеткізуге болады.

Біз ең алдымен Қазақстан мемлекетінің кең ауқымды ұйымдастырылған көрме павильонының терең бай мазмұны мен маңыздылығын және Ресей, Қытай, Түркия, Мажарстан, Болгария, Үндістан, Біріккен Араб Әмірлігі, Малазия сынды және т.б. мемлекеттер дайындаған павильондардың ЖОО және орта арнаулы білім беру саласында білім алушы жастардың тұлғасын тәрбиелеудегі мәні мен оларға арнайы кәсіби білім берудегі оқу-танымдық маңыздылығын ерекше атап өткіміз келеді.

Біз жоғарыда аталған және өзге де мемлекеттердің көрме павильондары арқылы сол елдердің тарихи қалыптасқан дәстүрлерін, мәдениеті мен «ЭКСПО 2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесіне арқау болып отырған «Болашақтың энергиясы» тақырыбына сай ең үздік әлемдік энергия сақтау технологияларын, күн, жел, теңіз, мұхит және термалды су тәрізді бүгінде бар баламалы энергия көздерін пайдаланудағы ұсынылған жаңа жобалар мен технология түрлерін пайдаланудың мол мүмкіндіктерімен нақты танысып қайттық.

Сондықтан біз барша әлем көз тіккен көрме тақырыбы өзекті болып отырған бүгінгі күнде көрме алаңдарының нәтижелерін көрме аяқталғаннан кейін де сөзсіз ЖОО-ның ауылшаруашылығы, туризм, медицина және мұнай-газ, энергетика, физика-математика, ақпараттық технологиялар бойынша т.б. мамандар дайындығын кәсіби тұрғыдан жетілдіріп, сапасын арттыруда оқу-танымдық қызметтің және жас ғалымдар үшін ғылыми зерттеулер жүргізудің нақты алаңы ретінде пайдалану өте қажет деп білеміз.

Салтанат Искиндирова, доцент кафедры переводческого дела

EXPO 2017 – поистине удивительное событие в жизни нашей страны.

Дух EXPO — это дух глобального сотрудничества, осмысления мировых вызовов и общих проблем, новых возможностей, обобщение достижений и смелый пророческий взгляд в будущее.

Посетив EXPO -2017, я испытала удивительное ощущение восторга и гордости за свою страну. Я уверена, что для Казахстана это очень важное событие, которое подчеркивает насколько республика устремлена в будущее вечных энергий. Пусть выставка принесет большую пользу не только Казахстану, но и всему человечеству на пути поиска «Энергии будущего».

В целом, я осталась довольна поездкой, ведь выставка EXPO — это уже кусочек истории, которую в дальнейшем будут изучать наши потомки.

Бақыт Байшов, отан тарихы және тарихи пәндер кафедрасының аға оқытушысы

Жалпы, «Болашақтың энергиясы» атты идеяны жүзеге асыру мақсатында өткізілген EXPO-2017 халықаралық көрмесіне баруымыз тамыз айының 12-сі күні өтті. Аталған көрме негізінен Қазақстанның тарихында маңызды тарихи оқиға болып қалатындығы сөзсіз. Дүниежүзінің басқа да көптеген елдерінің арасынан бұл көрмені өткізу мәртебесін алу үшін күш салған еліміздің басшылығы көрменің құрылысы жағын айтпағанның өзінде идеялық, имидждік, иллюстрациялық жағынан ұйымдастыруды да өте жоғары деңгейде жүргізген.

Бүгінгі күні «EXPO-2017» халықаралық көрмесі тарих беттерінде жазылып қалғанымен де оның қазақстандықтар үшін маңыздылығы зор болды. Атап айтсақ, біріншіден еліміздің көптеген азаматтары көрмені аралау арқылы қысқа мерзім ішінде әлемнің барлық мемлекеттерімен танысу мүмкіндігіне ие болды. Екіншіден, аталған көрме арқылы халқымыз көптеген елдердің өкілдерімен жүздесу арқылы қазіргідей жаҺандану заманында өзіміздің озық және осал тұстарымызды салыстырып қарауға мүмкіндік алды. Сондықтан да, ХХІ ғасырдың басындағы тәуелсіз елімізді әлемге танытқан дүниежүзілік маңызы бар көрмені өткізу нәтижесінде еліміз және еліміздің азаматтары болашақтағы ғылым-білім, өнеркәсіп, мәдениеттердің басты бағыттарын айқындауға мүмкіндік алды деп айтуымызға болады.

Мурат Махамбетов, декан факультета естествознания

Международная выставка ЭКСПО-2017 — событие мирового масштаба, которая впервые проводится на территории стран СНГ. Конечно же, я просто не мог этого пропустить такого масштабного мероприятия. Это специализированная выставка, темой которой в этом году стала «Энергия будущего». Я думаю затронутая тема одна из глобальных проблем человечества и очень актуальная на сегодняшний день, потому что с каждым годом нагрузка на планету становится все больше. Все больше потребляется энергии, больше производится товаров, но в некоторых странах проблема нехватки энергии или экологических бед от существующих источников стоит очень остро. Мне было интересно посмотреть, в каких странах развивается энергетика будущего, кто-что придумал на этом поприще и как внедряет в повседневную жизнь. Особенно я горд за Казахстанский Павильон. Это действительно настоящий музей будущего. Такого нет нигде. Каждый этаж раскрывает какую-то энергию: Солнца, ветра, воды, космоса, кинематики. Кроме знакомства с энергией будущего, можно посмотреть на дни культуры той или иной страны, различные шоу и представления.

Манар Тайбекқызы, физика-математика факультеті «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығының 1 курс студенті  

Бұл маңызды шараны әрбір қазақстандық тағатсыздана күткені рас.  Шыны керек, ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің ашылуы мен жабылуы ғаламат шоуға айналды. Елбасымыз 17 елдің көшбасшыларын қалай қарсы алғанын онлайн тамашаладық.

«ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін барып тамашалауға мүмкіндік болмады. Бірақ өзіміз үйде отырғанда, әлеуметтік желілерден және теле­дидардан қарап отырдық. Әр мемлекеттің па­вильондарына кіріп, олардың өнерін тамашалап, олардың тыныс-тіршілігі, халқымен танысып қайтқан достарым көрмедегі 54 мемлекеттің ішінен Қазақстан, Бразилия, Африка, Индия, Тайланд, Германия, Жапония, Қытай, Монако, сынды елдердің павильондарын мақтап келді. Соның ішінде 8 қабатты Қазақстан павильоны ерекше екен. Достарым Қазақстан павильонының әр қабаты «Болашақ энергия көзі» тақырыбына арналғанын айтқан еді. Соңғы қабатында еденін әйнектен жасап қойылған көпір бар, оның астында не болып жатқаны көрініп тұруы мені қызықтырды.

Мен осы шара барысында Еліммен, Елбасыммен мақтандым. Еліміз одан әрі өсіп, өркендей берсін! Қазақтың атын дүние жүзіне танытатын мұндай ірі ха­лықаралық шаралар елі­міз­де өте берсін деген тілегім бар.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *