Пятница, Апрель 19, 2024
Главная > Новости > Димаш Құдайбергенов Астанада Ақтөбе облысының күндерін ашады

Димаш Құдайбергенов Астанада Ақтөбе облысының күндерін ашады

Астанада ЭКСПО-2017 халықаралық арнайыландырылған көрмесіне арналған Ақтөбе облысының күндері басталды.

26 маусымнан 30 маусымға дейін бес күн бойы елорда тұрғындары мен қонақтарын жарқын және қызықты бағдарламалар күтеді.

Бүгін кешкі сағат сегізде ЭКСПО көрмесі алаңының амфитеатр сахнасында «Ақтөбе – құтты мекен» гала концерті өтеді. Мерекелік бағдарламаның басты жұлдызы — «I am a Singer» халықаралық байқауының финалисі Димаш Құдайбергенов болмақ. Астаналықтар оның әдемі даусын тыңдап, өңірдің шығармашылық ұжымының концерттік нөмірлерін тамашалай алады.

Бұдан өзге, ұлттық спорт түрлерінен жарыстар, сонымен қатар тазы және төбет иттердің көрмесін, қазақ күресі мен тоғыз құмалақтан ашық турнирлер өткізу жоспарланған.

ҚР мәдениет және спорт министрлігі мен Ақтөбе облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен 29 маусымда «Қазанат» ипподромында көкпар, аламан бәйге (қашықтығы 21 шақырым), құнан бәйге (қашықтығы 7 шақырым) жарыстары өтеді. Ат жарыстары арасындағы үзіліс кезінде «шабандоздық», «теңге алу», «жамбы ату», «қыз қуу» бойынша үлгілік көрсетілімдер болады.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі