Пятница, Март 29, 2024
Главная > Новости > Торжественная речь ректора Университета К.Жубанова Б.А.Ердембекова посвященная Дню знаний

Торжественная речь ректора Университета К.Жубанова Б.А.Ердембекова посвященная Дню знаний

Құрметті әріптестер, студенттер мен ата-аналар! Білім күні баршаңызға құтты болсын!

80 жылдам астам тарихы бар Жұбанов Университеті білім мен ғылымға ұмтылған жас жұбановшылар үшін өз есігін айқара ашты! Бүгін оқу ордамыздың білім алушылар қатары 4000 мыңдай жаңа буын студентпен толықты!  Оның ішінде 132 магистрант, 5 докторант және мыңдаған бакалавриат студенттері!

Университет ұжымы білім беру гранты мен «Серпін» жобасының грантымен оқуға түскен жас жұбановшыларды, олардың ата-аналарын шын жүректен құттықтайды! Биыл 836 грант иегері үздіктер қатарын толықтырды. Былтырғы жылмен салыстырғанда, Университет 274 грантқа артық қабылдады. Ерекше атап өтетін жетістік – «Серпін» жобасымен биыл 250 грант бөлінді, жылда 150 грант болатын.   «Серпін» гранты бойынша биыл Жұбанов Университетін 1 116 талапкер таңдаған, бұл көрсеткіш республика бойынша 3-ші орында. Соның ішінде ең жоғары таңдау көрсеткіші Маңғыстау облысынан – 466 адам, Оңтүстік Қазақстаннан – 300-ге жуық, Қызылорда облысынан – 170 адам, Жамбыл облысынан 60-қа жуық, Алматы облысынан – 45 адамдай.

Жастардың бұндай таңдауы – Университет ұжымы алдында жоғары міндеттерді қояды. Жұбановшылардың үлкен қара шаңырағында Қазақстан Республикасының барлық аймақтарынан, сонымен қатар, биыл 3 талапкер Қытай елінен, 10 талапкер – Өзбекстаннан, 2 талапкер – Ресейден келді. Барлығыңызға да қош келдіңіздер, студенттік өміріңіз мәнді болсын деген тілек білдіреміз!

Дорогие студенты первого курса! Уважаемые коллеги и родители! Мы благодарны за Ваш выбор! Искренне надеемся, что наш коллектив оправдает  надежды и вы найдёте свой путь развития в стенах нашего Альма-матер!

В этот важный день мы приветствуем вас и приглашаем в команду лидеров Университета Жубанова!

Наши достижения показывают рост и мобильное развитие вуза. Важными цифрами этого года можно по праву назвать – 843 образовательных грантов, из них 250 грантов «Серпин»; открытие новых специальностей – четыре программы магистратуры, около десяти удвоенных и полиязычных программ бакалавриата. Общий контингент студентов достиг десяти тысяч. Выпуск этого года составил 2260 бакалавров и 85 магистров. На их смену пришли около четырех тысяч абитуриентов. Впервые открыта программа магистратуры GMAT, где подготовка магистрантов будет вестись на английском языке. Для этой Программы Министерство образования и науки выделило 6 грантовых мест и 30 грантов для остальных программ магистратуры. Впервые за последние 3 года в конкурсе на грантовое обучение в докторантуре нашего вуза участвовало 9 человек, 5 из них стали докторантами специальности «Математика».

Биыл Университетіміз білім беру процесі үшін маңызды батыл қадамдар жасады, атап айтсақ:

  • ғылыми зерттеулер мен инновацияларды жүзеге асыратын Технопарк құрылысы аяқталып, салтанатты ашылуы жоспарланды;
  • студенттердің академиялық мүдделерін шұғыл шешуге мүмкіндік беретін – Студенттерге қызмет көрсету орталығы / Центр обслуживания студентов жасақталды;
  • цифрлық технологияларды білім беру процесінде қолдану мақсатында Цифрлық технологиялар орталығы ашылды;
  • ғылыми кітапхана жұмысы заманауи цифрлық жүйеге ауысады және электронды қызметін күшейтеді;
  • педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру мен қайта даярлау, педагог-мамандардың кәсіби құзыреттілігін күшейту бағытында Үздіксіз білім беру институты ашылды;
  • халықаралық байланыстарды, академиялық ұтқырлықты, шетелдік лекторларды шақыру, қос дипломдық бағдарламаларды ұсыну мақсатында Халықаралық байланыстар орталығы ашылды;
  • Университеттің білім беру қызметін арттыруда негізгі тұтынушыларымыздың қызығушылықтарын ескеру, мектеп түлектерінің кәсіби талғамын қалыптастыру мен айқындау, талапкерлермен мақсатты жұмыс жүргізу, баспасөз қызметін, әлеуметтік желілердегі көрінісімізді арттыру мақсатында Маркетинг орталығы ашылды.

Жаңа оқу жылының жаңашыл жобалары да аз емес, олар, алдымен, сіздердің жеке тұлғалық және  кәсіби бәсекелістік қабілеттеріңді қалыптастыратын жобалар:

  • TEDx-Жұбанов интеллектуалдық алаңы – көшбасшы болу, шебер сөйлеу мен өткір ойлаудың үлгілерін үйретеді;
  • «Қазақстан-Ақтөбе» ТРК және Жұбанов Университетінің жаңа туындысы – «Ақтөбе-Жұбанов» телестудиясы Алтынсарин көшесіндегі оқу ғимаратымызда ашылады;
  • Көшбасшы-лекторлар жобасы – нағыз көшбасшылар командасы біздің аудиторияларымызға келеді – ғылым мен өнер, экономика мен бизнес, заңтану, тіл мен мәдениет сияқты салалардың, ірі компаниялардың белгілі  тұлғалары өз дәрістерін жүргізіп,  шебер тәжірибесімен бөліседі;
  • Қосымша жаңа Студенттер үйі ашылады – Гришин көшесіндегі ғимараттың жанынан 1 100 орынға арналған Студенттер үйі;
  • Жұмысшы мамандықтар бойынша оқыту курстарын, біліктілікті арттыру және қайта даярлау курстарын ұйымдастыруға бағытталамыз, бұл сендер мен облысымыздың тұрғындары үшін қосымша кәсіби мүмкіндік, бұл жобаны, алдыменен, Үздіксіз білім беру институты және Техникалық факультет жүзеге асыратын болады.

Профессор-оқытушылар құрамы, қызметкерлер мен студенттерді қуантатын тағы бір жағымды жаңалық – Жұбанов Университеті жаңа оқу жылынан бастап 5 күндік жұмыс режиміне ауысады! Бос уақытыңызды өз қызығушылықтарыңызды арттыруға жоспарлайды деген тілек білдіреміз!

Осы мерзімде атқарылған жұмыстар, ең алдымен, студенттердің білім алуын, мәдени және тұрмыстық өмірін жақсартуын көздеді.

Сіздермен тығыз жұмыс жасайтын факультет декандары мен кафедра меңгерушілері, кураторлар. Олардың алдарына да жаңа талаптар қойылды. Студенттердің мақсат-мүдделері – біздер үшін жаңа даму бағыты.

Жұбанов Университеті жаңа даму жолына бағыт алды – біздің корпоративтік мәдениетіміз, академиялық өміріміз, басқару-ұйымдастыру қызметіміз жаңаша үлгіде жүзеге асырылатын болады. Сол үшін жаңа кадрлар, құрылымдар мен даму жоспарлары қайта қаралуда.

Жаңа оқу жылымыз табысты болсын! Университет ұжымының әр мүшесі өз үлесін қосады деген ниеттеміз. Сапалы студенттік өмірді армандайтын студент, ең алдымен, өз үлесін қосып, Университет пен қоғам өміріне белсене араласуы қажет!

В добрый путь! Желаю успешных проектов, интересных и значимых событий в вашей студенческой жизни!  Надеемся, что каждый из вас станет настоящей личностью и впишет своё имя в историю Университета!

Жұбанов Университетінің 2017-2018 жаңа оқу жылын ашық деп жариялаймын!